"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 14 мамырдағы | |
№ 236 қаулысымен | |
бекітілген |
2021 жылға арналған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм) |
Сүт | Сары май | 56,0 |
Сүт | Қатты ірімшік | 26,0 |
Сүт |
Құрғақ сүт | 19,0 |