Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9825 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
36 және 37-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"
36 | Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы | "Дружба-97" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 225 | 39240 |
3 жасқа дейін – 10000 |
37 | Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы | "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 245 | 38023 |
3 жасқа дейін – 10000 |
";
45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"
45 | Қарасу ауданы, Восток ауылы | "Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақерке" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны | 68 | 56250 |
3 жасқа дейін – 7350 |
";
56 және 57-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"
56 | Қостанай ауданы, Тобыл қаласы | "Жанерке 2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 38023 | 3 жасқа дейін – 14498 3 жастан бастап – 15519 |
57 | Қостанай ауданы, Тобыл қаласы | "BK KINDER" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 38023 | 3 жасқа дейін – 14498 3 жастан бастап – 15519 |
";
93-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"
93 | Қостанай қаласы | "Детский сад "Ардан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 38023 | 3 жасқа дейін – 13745 3 жастан бастап – 16012 |
";
96-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"
96 | Қостанай қаласы | ""Диами"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 176 | 38023 |
3 жасқа дейін – 13745 |
";
128-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"
128 | Рудный қаласы | Рудный қаласы әкімдігінің "№ 1 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 140 | 76364 | 3 жасқа дейін – 12010 3 жастан бастап – 12870 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |