Әкімдіктің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 114 "2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 340 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 тамызда № 23800 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9825 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      36 және 37-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

36

Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы

"Дружба-97" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

225

39240

3 жасқа дейін – 10000
3 жастан бастап – 12000

37

Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы

"Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

245

38023

3 жасқа дейін – 10000
3 жастан бастап – 12000

      ";

      45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "

45

Қарасу ауданы, Восток ауылы

"Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақерке" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорыны

68

56250

3 жасқа дейін – 7350
3 жастан бастап – 8400

      ";

      56 және 57-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

56

Қостанай ауданы, Тобыл қаласы

"Жанерке 2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

38023

3 жасқа дейін – 14498 3 жастан бастап – 15519

57

Қостанай ауданы, Тобыл қаласы

"BK KINDER" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

145

38023

3 жасқа дейін – 14498 3 жастан бастап – 15519

      ";

      93-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "

93

Қостанай қаласы

"Детский сад "Ардан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

38023

3 жасқа дейін – 13745 3 жастан бастап – 16012

      ";

      96-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "

96

Қостанай қаласы

""Диами"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

176

38023

3 жасқа дейін – 13745
3 жастан бастап – 16012

      ";

      128-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "

128

Рудный қаласы

Рудный қаласы әкімдігінің "№ 1 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

140

76364

3 жасқа дейін – 12010 3 жастан бастап – 12870

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады