Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11299 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 55 теңге;
2) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін –70 теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 07.12.2022 № 252 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |