Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 "Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 252 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31082 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 "Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25291 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

      1) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 55 теңге;

      2) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін –70 теңге.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады