Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 297 мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың санаттарын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың мынадай санаттары айқындалсын:
1) мемлекеттік қызметшілер;
2) әскери қызметшілер;
3) бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;
4) мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы алып тасталсын.
2. "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы, сессия төрағасы | Б. Сандыбеков |