Мәслихаттың 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 297 "Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 34 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23594 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 297 мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың санаттарын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың мынадай санаттары айқындалсын:

      1) мемлекеттік қызметшілер;

      2) әскери қызметшілер;

      3) бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

      4) мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы алып тасталсын.

      2. "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы, сессия төрағасы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады