Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың санаттарын айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 297 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 маусымда № 9-1-149 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 03.07.2021 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтардың мынадай санаттары айқындалсын:

      1) мемлекеттік қызметшілер;

      2) әскери қызметшілер;

      3) бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

      4) мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 03.07.2021 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы, № 3 сайлау


округі бойынша депутаты

Б. Әбдірахманова

Қостанай қалалық мәслихаты


хатшысының міндетін атқарушы

Г. Уралова

КЕЛІСІЛДІ:


"Қостанай қаласы әкімдігінің


қаржы бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


________________ Л. Кураева


"Қостанай қаласы әкімдігінің


экономика және бюджеттік


жоспарлау бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


_________________ Н. Дорошок




  Мәслихаттың
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 297 шешіміне қосымша

Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны
үшiн жалдау ақысының шығыстары жергiлiктi бюджетке
жүктелетiн азаматтар санаты

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 03.07.2021 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады