"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 18 шешімінің (2016 жылғы 26 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6390 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Г. Шутаева |
Қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |