Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 18 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 6390 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 5 ақпандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 05.02.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 16 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданады.

      II сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова

      "Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________Н.Турлубекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады