"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 1 және Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23473 болып тіркелген) сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5042 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |