Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 237 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда № 5042 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 62 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 19.08.2021 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 20 ақпандағы № 210 "Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

XVI сессияның төрайымы

В. Сычева

Қалалық мәслихат хатшысы

Г. Жарылқасымова

КЕЛІСІЛДІ


Красногор ауылының әкімі


______________ С. Бухарбаев



  Мәслихаттың
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 237 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылы үйлері типтерінің, көшелерінің атауы

Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының көппәтерлі тұрғын үйлер, көшелер тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Парковый көшесінің тұрғындарынан

2

2

Степной көшесінің тұрғындарынан

6

3

Он екі көппәтерлі екіқабатты тұрғын үй тұрғындарынан

12

  Мәслихаттың
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 237 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының (бұдан әрі – Красногор ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Красногор ауылының көшелері, көппәтерлі тұрғын үйлері тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Красногор ауылының көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Красногор ауылының әкімі шақырады.

      Лисаков қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Красногор ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Красногор ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Красногор ауылы әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Красногор ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Красногор ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Красногор ауылы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады