Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 1 және Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 шілдеде № 23473 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Лисаков қаласы Красногор ауылының бағыныстылығы Қамысты ауданының әкімшілік бағыныстылығына беріліп өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы А. Мурзабекова
      Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Н. Утеулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады