"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 7 ақпандағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6842 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданының әкімі | Т. Карбозов |