"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 49 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 149 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қыркүйекте № 24357 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 7 ақпандағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6842 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады