Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы Забелов ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 11,4 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |