Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қарашада № 25426 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Утегенов

  Жітіқара
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 қарашадағы
  № 260 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8661 болып тіркелген).

      2. "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 ақпандағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8975 болып тіркелген).

      3. "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 ақпандағы № 39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9773 болып тіркелген).

      4. "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9770 болып тіркелген).

      5. "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады