Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 21.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 21.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Бекмухамедов |
Қостанай облысы | |
Қамысты ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы "14" сәуірдегі | |
№ 55 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 21.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) хореограф;
4) музыкалық жетекші;
5) аккомпаниатор;
6) кітапханашы;
7) библиограф;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) дыбыс режиссері;
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
11) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 55 қаулысына | |
2-қосымша |
Қамысты ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген қаулысы;
2. Әкімдіктің "Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 40, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7732 болып тіркелген қаулысы;
3. Әкімдіктің "Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 135, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8157 болып тіркелген қаулысы;
4. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы № 129, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8683 болып тіркелген қаулысы;
5. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 24 шілдедегі № 129, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9347 болып тіркелген қаулысы.