Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 135 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 8157 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 14.04.2021 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғары да көрсетілген қаулының қосымшасында:

      білім беру саласындағы

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. әдіскер (негізгі қызметтердің); әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері".

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Ғ. Бекмұхамедов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қамысты аудандық

      мәслихат хатшысының

      міндетін атқарушы

      _____________ Б. Козлов

      2018 жылғы "23" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады