Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Бекмухамедов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы"
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 27 қыркүйектегі | |
№ 129 қаулысына | |
қосымша |
Қамысты ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 26.03.2025 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КР-КМ-1 | Дружба ауылына кірме жол | 69 |
2 | КР-КМ-2 | Арқа ауылына кірме жол | 31 |
3 | КР-КМ-3 | Фрунзе ауылына кірме жол | 36 |
4 | КР-КМ-4 | Клочков ауылына кірме жол | 9 |
5 | КР-КМ-5 | Талдыкөл ауылына кірме жол | 33 |
6 | КР-КМ-6 | Пушкин ауылына кірме жол | 3 |
7 | КР-КМ-7 | Красногор ауылына кірме жол | 6,9 |
8 | КР-КМ-8 | Арқа ауылына кірме жол | 1,4 |
Барлығы | 189,3 |