Қамысты ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 129 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 қазанда № 24610 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы"

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 27 қыркүйектегі
  № 129 қаулысына
  қосымша

Қамысты ауданының аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

1

КР-КМ-1

Дружба ауылына кірме жолы

69

2

КР-КМ-2

Арқа ауылына кірме жолы

31

3

КР-КМ-3

Фрунзе ауылына кірме жолы

36

4

КР-КМ-4

Клочков ауылына кірме жолы

9

5

КР-КМ-5

Талдыкөл ауылына кірме жолы

33

6

КР-КМ-6

Пушкин ауылына кірме жолы

3

7

КР-КМ-7

Красногор ауылына кірме жолы

6,9

Барлығы

187,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады