"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген);
2) Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 48 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9104 болып тіркелген).
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |