Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелді) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы он үш және он төрт жолдарымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"
13 | Өкпе обыры |
"Алектиниб"; |
14 | Жұлын бұлшықетінің атрофиясы | "Нусинерсен" |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |