Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 61/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23597 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 126/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелді) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы он үш және он төрт жолдарымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "

13

Өкпе обыры

"Алектиниб";
"Денозумаб"

14

Жұлын бұлшықетінің атрофиясы

"Нусинерсен"

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады