Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1-13/382 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22906 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі | К. Айсаков |