Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25009 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1-13/382 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22906 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауылдық округінің әкімі К. Айсаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады