Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2-19/17 ұсынысы негізінде, Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Голубовка ауылы "Ақжол" фермалық шаруашылығының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қарашадағы "Ертіс ауданы Голубовка ауылы "Ақжол" фермалық шаруашылығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-19-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7017 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушы | Г. Калижанова |