Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушының 04.02.2021 № 1-03-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13 қазандағы № 2-19/506 ұсынысы негізінде, Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Голубовка ауылы "Ақжол" фермалық шаруашылығының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Голубовка ауылы әкімінің міндетін атқарушы | Г. Калижанова |