Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 16.09.2021 № 1-04-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 6 мамырдағы № 2-19/367 Ертіс аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Т. Рустембеков |