Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы "Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 1-04-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24465 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 -тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 -1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабы 1-тармағына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 2-19/522 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы "Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23029 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақұдық ауылдық округінің әкімі Т. Рустембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады