Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 1-04-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23029 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 1-04-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 16.09.2021 № 1-04-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 6 мамырдағы № 2-19/367 Ертіс аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі Ынтымақ ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Т. Рустембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады