Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 23.12.2021 № 1-11/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 2-19/220 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байқоныс ауылдық округінің әкімі | Д. Молдагельдинов |