Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 212/43 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6507 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Аққулы аудандық |
мәслихатының хатшысы К. Есимов |