Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі "Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 212/43 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" № 27/3 шешімі

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 27/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 мамырда № 7281 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 212/43 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6507 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Аққулы аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Есимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады