Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 212/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 6507 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгі ережесінің 10-тармағына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:

      Халықаралық әйелдер күніне орай:

      жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2,4 (екі бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) көлемінде;

      Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі - ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге көлемінде, сондай-ақ 5 (бес) АЕК көлемінде азық-түлік жиынтығы;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар (жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерден және 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апатқа қатысқан адамдардан басқа) 10 (он) АЕК көлемінде;

      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталмаған адамдарға 5 (бес) АЕК көлемінде;

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге көлемінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апатқа қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге көлемінде;

      Халықаралық қарттар күніне орай:

      жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 1,2 (бір бүтін оннан екі) АЕК көлемінде;

      80 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге 2,9 (екі бүтін оннан тоғыз) АЕК көлемінде;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедек ата-аналарға, арбадағы мүгедектерге 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК көлемінде.

      2. Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Мүсінова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      2019 жылғы "14" тамыз

  Аққулы аудандық
мәслихатының 2019 жылғы "19"
шілдедегі № 212/43 шешіміне
қосымша

Аққулы аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінде № 18 жарияланған).

      2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 қарашадағы "Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 3/38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4172 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы "Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 2/41 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4397 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қарашадағы "Лебяжі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 96/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5733 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады