"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабы 1-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі "Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 1-03/232 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6554 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Қасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | А. Балгабаев |