Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 1-03/232 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қазанда № 6554 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 1-03/276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 24.08.2021 № 1-03/276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар Аққулы ауданы бойынша:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "25" қыркүйектегі
№ 1-03/232 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

P\с№

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Аққулы ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

2%

1

2

"Аққулы ауданының Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

3%

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады