Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі "Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 1-03/232 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 1-03/276 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24158 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабы 1-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі "Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 1-03/232 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6554 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады