Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің "Павлодар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2016 жылғы 16 қарашадағы № 360/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5284 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Е. Иманслям |