Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 29.09.2021 № 388/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы бойынша мүгедектер үшiн арналған жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бабенко |
Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қарашадағы № 360/11 қаулысына қосымша |
Павлодар ауданы бойынша мүгедектер
үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Павлодар ауданының № 2 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 76 | 2 | 1 |
2 | "Павлодар ауданының Ефремовка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 73 | 2 | 1 |
3 | "Павлодар ауданының Заңғар орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 74 | 2 | 1 |
4 | "Павлодар ауданының Ямышев орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 70 | 2 | 1 |
5 | "Павлодар ауданының Луганск орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 83 | 2 | 1 |
6 | "Павлодар ауданының Мичурин орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 | 1 |
7 | "Павлодар ауданының Ольгинка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
8 | "Павлодар ауданының Розовка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 75 | 2 | 1 |
9 | "Павлодар ауданының № 1 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 73 | 2 | 1 |
10 | "Павлодар ауданының Черноярка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 71 | 2 | 1 |
11 | "Павлодар ауданының Шақат орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі | 82 | 2 | 1 |
12 | Павлодар облысы білім беру басқармасының "Мичурин балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 82 | 2 | 1 |
13 | Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 359 | 4 | 14 |
14 | "Луганск" өндірістік кооперативі | 252 | 4 | 10 |
15 | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 88 | 2 | 1 |
16 | "Ертіс" шаруа қожалығы | 153 | 3 | 4 |
17 | "Кирова" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 224 | 3 | 7 |
18 | "Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 2 | 1 |
19 | "Агро-Альянс" Агроөнеркәсiптiк компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 53 | 2 | 1 |