Павлодар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы "Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген) № 1-ш шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Сайлау учаскесінің орталығы: Чернорецк ауылы, Трунова көшесі, 3, Мәдениет үйінің ғимараты;";
жиырма төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"сайлау учаскесінің шекаралары: Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка, Черноярка ауылдарының аумағы.";
жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтар алынып тасталсын;
тоқсан екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Сайлау учаскесінің орталығы: Ольгинка ауылы, Абай көшесі, 15, Мәдениет үйінің ғимараты;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы Г.Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Е. Иманслям |
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы