Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы "Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 1-ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 1-ш шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25071 болып тіркелді

      Павлодар ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы "Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген) № 1-ш шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сайлау учаскесінің орталығы: Чернорецк ауылы, Трунова көшесі, 3, Мәдениет үйінің ғимараты;";

      жиырма төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "сайлау учаскесінің шекаралары: Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка, Черноярка ауылдарының аумағы.";

      жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтар алынып тасталсын;

      тоқсан екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сайлау учаскесінің орталығы: Ольгинка ауылы, Абай көшесі, 15, Мәдениет үйінің ғимараты;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы Г.Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар ауданының әкімі Е. Иманслям

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады