Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 01.09.2021 № 209/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, Успен ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 желтоқсандағы "Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 235/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен ауданының әкімі | Н. Дычко |
Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 11/1 қаулысына қосымша |
Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны), % | Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны, адам |
1 | "Галицкое Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 188 | 3 | 6 |
2 | Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 187 | 3 | 6 |
3 | "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 3 | 7 |
4 | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 52 | 2 | 1 |
5 | Успен ауданының "№ 1 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 65 | 2 | 1 |
6 | Успен ауданының "№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 63 | 2 | 1 |
7 | Успен ауданының "№ 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
8 | Успен ауданының "Павлов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 2 | 1 |
9 | Успен ауданының "Константинов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
10 | Успен ауданының "Лозов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 58 | 2 | 1 |
11 | Успен ауданының "Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 | 1 |