Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 235/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 5291 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 11/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 11/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

  Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 235/12 қаулысына
қосымшасы

Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

№ р\с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Үлес мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ГАЛИЦКОЕ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

434

4

17

2.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

187

3

5

3.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім басқармасының "Успен аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

59

2

1

4.

Успен ауданының "№ 1 Успен жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

60

2

1

5.

Успен ауданының "№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

55

2

1

6.

Успен ауданының "Константинов жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

55

2

1

7.

Успен ауданының "Павлов жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

50

2

1

8.

Успен ауданының "Лозовой жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

62

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады