Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің 14.09.2021 № 8-р (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-19/147 ұсынысы негізінде, Александровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінде орналасқан Жаңа - ауыл ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Александровка ауылдық округінің әкімі | А. Омиржанов |