Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 8-p шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қыркүйекте № 24457 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 2-19/232 ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты Павлодар облысы Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің Жаңа-ауыл ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 4-р "Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінде орналасқан Жаңа-ауыл ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 156403 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Александровка ауылдық округінің әкімі А. Омиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады