Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 151 "Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1408 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, тұрғын үй және жер пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.В. Финогеновке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы |
С. Канкуров |