Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 151 "Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

II сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 12 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 1683 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 151 "Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1408 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, тұрғын үй және жер пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.В. Финогеновке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс II сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады