Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 1/152 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 1692 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және Алматы қаласының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 хаттамасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. С. Қиқымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 1/152
  Алматы қаласы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының
тізбесі және шекті сауда үстемесі

Азық-түлік тауарларының атауы

Көлемі, тонна

Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес) %

1

Қарақұмық жармасы (ядро, салмақтық)

300

10

2

Тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмақтық)

1 000

10

3

Ақ қант-құмшекер

1 000

10


Об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки

Постановление акимата города Алматы от 26 февраля 2021 года № 1/152. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 1 марта 2021 года № 1692

      В соответствии с подпунктом 17-11) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" и протоколом заседания комиссии по обеспечению реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары города Алматы от 10 декабря 2020 года № 13, акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень закупаемых продовольственных товаров в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельную торговую надбавку.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление предпринимательства и инвестиций города Алматы" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим официальным опубликованием в периодических печатных изданиях и размещение на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Кикимова М.С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
  Аким города Алматы
от 26 февраля 2021 года
№ 1/152

Перечень закупаемых продовольственных товаров в региональный
стабилизационный фонд и предельная торговая надбавка

Наименование продовольственных товаров

Объем, тонн

Предельная торговая надбавка (не более закупочной цены, включая стоимость доставки) %

1

Крупа гречневая (ядрица, весовая)

300

10

2

Рис шлифованный (круглозерный, весовой)

1 000

10

3

Сахар белый – сахар-песок

1 000

10