Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы "тауық жұмыртқасы (I санатты)" он данасына 487 теңге мөлшерінде, 90 күнтізбелік күн мерзімге бекітілсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 30.04.2021 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |